Біздің сайтымызға қош келдіңіз!

Азамат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдыңдағы борышымыз. Қазіргі таңдағы еліміздегі жедел ақпараттануы қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында байытылатыны сөзсіз. Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Сондай-ақ балаларымыздың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл болу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

Қарақия ауданы әкімдігінің «Ғарышкер» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1986 жылы салынған типтік, екі қабатты ғимарат. 2008 жылы қаңтар айында «Ғарышкер» балабақшасы болып ашылды.

Кәсіпорын Қарақия ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 19 мамырда №110 Қаулысымен құрылған. Кәсіпорынның құрылтайшысы болып және коммуналдық меншік құқығы субъектісінің кәсіпорынға қатысты функцияларын Қарақия аудандық білім бөлімі (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүзеге асырады. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы Қарақия аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі болып табылады. Кәсіпорын өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, маслихат шешімдері мен аудан әкімдігінің қаулыларына және басқа нормативтік құқықтық актілерге, сонымен бірге осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.


Кәсіпорынның атауы:
Мемлекеттік тілде: Қарақия ауданы әкімдігінің «Ғарышкер» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Орыс тілінде: Государственное коммунальное казенное предприятие Детский сад «Гарышкер» акимата Каракиянского района.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 130303 Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, Төлендиев шағын ауданы, 300 үй


Жұмыс уақыты: 5 күндік. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Жұмыс кестесі: 08:00-ден 18:30-ға дейін.
Байланыс телефондары, факс: 8 (72935) 25-0-11; 26-8-08
Электронды мекен-жай: garyshker@yandex.kz


Мекен жайы Телефон-факс Жоба қуаттылығы Қазіргі таңда
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы Тулендиев шағын ауданы,
300 үй
8(72 935) 25-0-11
8(72 935) 26-8-08
125 орындық 146 бала

Қарақия ауданы әкімдігінің «Ғарышкер» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1986-1992 жылға дейін №17 «Аққу» балабақшасы, 1992-2006 жылға дейін №4 бастауыш сынып мектебі болған.

2006-2008 жылдары ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2008 жылдың қаңтар айында Қарақия ауданы әкімдігінің «Ғарышкер» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып ашылды. Балабақшаның жобалық қуаттылығы-125 орындық, қазіргі таңда 6 топта 146 бала тәрбиеленуде


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеті

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
Міндеттері:

  1. Балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп, жүйелі ойлау қабілетін арттыру;
  2. Шығармашылық қиялды дамыту әдістерін пайдалана отырып, қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту;
  3. Қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыру және балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыру.


Тәрбиелеу мен оқыту бағыты

Бағыты: «Шығармашылық»
Міндеттері: «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту»



Ғимарат түрі Ғимарат салынған жылы Жалпы алаң Құрылыс ауданы Ғимарат ауқымы Қолдануға берілген жылы Балабақшаның ашылған жылы
2 қабатты 1986ж. 1145,7 1320,2 4620 2006 ж. 03.01.2008 ж.

ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР САНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тобы Топтың аты Бала саны
Ортаңғы топ
№1 Жұлдыз
№2 Балапан
№3 Балдырған
24
24
24
Ересектер тобы
№4 Күншуақ
№5 Қызғалдақ
26
26
МАД тобы
№6 Айгөлек
22
Барлық тәрбиеленушілер саны: 146




ДсСсСрБсЖмСнЖс

© Copyright 2016-2017 "Ғарышкер" балабақшасының сайты
GeTrust